"Дариға Назарбаева экс-президенттің туған қызы емес" болуы мүкін бе?

/image/2020/01/23/crop-109_2_539x719_3898360.jpg

Кеше экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев даулы мәлімдемелер жасады. Ол өміріне қауіп төніп тұрғанын және Нұрсұлтан Назарбаевтың туған әкесі, ал Дариға Назарбаева туған анасы екенін айтқан болатын. Кейін әлеуметтік желі қолданушыларының арасында Дариға Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қызы ма деген сұрақ туындады. 2019 жылы News.myseldon сайтында Дариға Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қызы емес деген ақпарат жарияланған. 

"Бір кездері БАҚ-та Назарбаевтың құқығы бірінші әйелден еш кем түспейтін тоқалы бар деген ақпарат жарияланды. Стюардесса Гүлнар Ракишева президенттік ұшақтың экипажының құрамында ұзақ уақыт жұмыс істеді деген болжам айтылды. Назарбаев оны қатты ұнатқаны үшін Гүлнармен қарым-қатынасын бастаған. Бұрынғы стюардесса аяқастынан Қазақстандағы ең ірі Эйр Астана авиакомпаниясының иесі болды. Қызы дүниеге келгеннен кейін, ол Астана қаласының элиталық ауданындағы зәулім сарайды сыйлық ретінде алды. Ракишевадан туған балалары туралы ақпарат жоқ, оны жасырын ұстауға тырысады. Ал Назарбаевтың өзі ресми түрде тоқалы мен жасырған бала-шағасы бар екенін жоққа шығарды. Тоқал мәселесінен кейін де Назарбаевтың деңгейі еш төмендемеді. Кейін Дариға Назарбаеваның Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қызы емес екені белгілі болды", - деп жазылған сайтта

Сондай-ақ Айсұлтан Назарбаев туған әкесінің Назарбаев, ал Дариғаның анасы екенін мәлімдеді. Кейін ол Дариға Назарбаеваның Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қызы емес екенін айтты. 

Өткен жылы қазанның 18-і күні Лондон соты Айсұлтан Рахатқа бір жыл шартты жаза кесті. Британиялық БАҚ-тардың жазуынша, ол 2019 жылы маусым айында британ полициясына қарсылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. Назарбаевтар отбасы Айсұлтан Рахаттың Ұлыбританияда ұсталғаны және сотталғаны жайлы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген Айсұлтан Назарбаев – Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеп, 2019 жылы наурызда өз еркімен президенттік қызметтен кеткен (бірақ елдегі биліктің бір тармағын ұстап отырған)  Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Австрия түрмелерінің бірінде көз жұмған қазақстандық шенеунік Рахат Әлиевтің ұлы.

Қазақстандық ақпарат құралдарының жазуынша, Айсұлтан Рахат бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысқан. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

Ол Ұлыбритания королдігінің "Сандхерст" әскери академиясының тәмамдаған. Айсұлтан оқуын бітіріп, Қазақстанға оралған соң елдің қорғаныс министрлігінің барлау басқармасында қызмет етті. 2017 жылы 7 айдай Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды. 

Айсұлтан Рахат 2013 жылы "ҚазРомГаз" АҚ басшысы, алматылық "Қайрат" футбол клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Боранбаевға үйленді. 2016 жылдың жазында олардың Амели есімді қыз дүниеге келді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар