Алматыда жол апаты болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы СТВ арнасы хабарлады.
Арнаның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының Розыбакиев көшесімен қиылысқан тұсында болған.
Полицияның хабарлауыша, "LADA Granta" маркалы автокөлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, бетон қоршауға соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы көз жұмды.
Пікір қалдыру