Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың өршуіне байланысты кейінге шегерілген бокстан Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу (2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына) турнирінің мерзімі де, өтетін орны да өзгеретін болды. Бұл туралы Халықаралық олимпиада коммитетіне сілтеме жасаған Olympic.kz сайты хабарлады.
Сайттың хабарлауыншы, іріктеу турнирін өткізу күні 3-11 наурызға жоспарланды, бірақ қай мемлекетте өтетіні әлі белгісіз.
"Спортшылар мен ресми тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3-14 ақпан аралығына жоспарланған 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Тынық мұхиты елдерінің боксшыларын іріктеуді кейінге қалдыру шешімі қабылданған болатын. Іріктеу турнирі өткізілетін жаңа мерзім – 3-11 наурыз. Қазіргі кезде жарысты өткізетін орын қарастырылуда. Бір анығы, турнир Қытайда ұйымдастырылмайды. Жұмыс тобы турнирді қабылдайтын мемлекет пен қаланы анықтаған кезде барлық Ұлттық Олимпиадалық комитеттер, ұлттық федерациялар мен ресми тұлғалар хабардар етіледі"делінген ХОК-тың ресми хатында.
Пікір қалдыру