Өткен жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,5 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін, 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Қазақпарат.
Қазақпараттың жазуынша, Тоқаев өткен жылы Қазақстан эконгмикалық өсім бойынша жақсы көрсеткіштерге жеткені айтқан.
– Былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,5 пайыз болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек, – деді президент.
Тоқаевтың атап өтуінше, бұл елдің орнықты дамуына, халықықтың әл-ауқатын арттыруға зор серпін береді.
– Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану, – деді Тоқаев.
Пікір қалдыру