Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин 2020 жылы 90 млн тонна мұнай, 56,5 млрд метр/куб табиғи газ өндірілетінін айтты, деп жазады vlast.kz.
Отын-энергетика саласына құйылған инвестицияның жалпы көлемі 2 трлн теңгеге жеткен.
2020 жылы 100 мемлекеттік, 100 жекеменшік мектептің пайдалануға берілетіні айтылды. Сондай-ақ студенттерге арналған 44 жатақхана салынады.
Ал 2026 жылға дейін ел бойынша 19 ірі медициналық орталық құрылады.
Былтыр төменгі жалақыны арттыруды арқасында 2,7 млн азаматтың еңбекақысы артқан. 432 мың жалпы жұмыс орны, 279 мың тұрақты жұмыс орны ашылған.Тышқан жылында тағы 430 мың жаңа жұмыс орны құрылған.
Пікір қалдыру