Тоқаев Назарбаев құрған қорды мақтады

/image/2020/01/24/crop-39_4_524x931_9995039.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорға балама болатын қосымша институттарды құруға рұқсат берілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін Нұр-Сұлтанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлады Қазақпарт. 

Тоқаевтың сөзінше, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық қор елдегі баламасыз институт саналады. 

- Елбасының бастамасымен құрылған Ұлттық қор баламасыз институт болып саналады. Қандай да бір қосымша қорларды құруға жол берілмейді және рұқсат етілмейді. Бұл мақсат Үкімет, Ұлттық қор және жаңадан құрылған агенттік алдында тұр деп ойлаймын, - деді Президент.

Ұлттық қор 2000 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен құрылған. Ұлттық қорда Қазақстанның шикізат сатудан түскен қаржы жиналады. Ұлттық қорда жиналған қаражатқа қатысты Қазақстандағы қоғам белсенділерінің өзіндік тұжырымдамалары бар. Олардың айтуынша, қордағы қаржы халықтың тұрмысына, біліміне, денсаулығына жұмсалуға тиіс.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар