Қ.Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

/image/2020/01/27/crop-137_25_535x713_83285811_2577049309085152_6131722850547007488_n.jpg

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook-тағы парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді. Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады.

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді", делінге хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар