Қытайдағы қазақстандық студент: Бұл жер қорқынышты (видео)

/image/2020/01/27/crop-75_10_401x535_spfo9msx2j_a4_710x444.jpeg

Қазақстандық студенттер Қытайдағы жағдай туралы айтып, биліктен өздерін кеш болмай тұрғанда эвакуациялауды сұрады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі diapazon.kz сайтының дерегін негізге алып.

Қазақстандық студент Аружан Бегманова карантин жарияланғандықтан жабылған Ухан қаласында тұрады. Аружаннан басқа аталмыш қалада 87 студент қазақстандық бар екен. 

Қытайдағы студенттің хабарлауынша, қазір қала тұрғындары мамандардың бақылауында және алдын алу шаралары жасалып жатыр. 

Ухан қаласында қалған тағы бір қазақстандық студенттің есуімі Әнел Сисенгалиева. Ол Нанкин қаласында оқиды. Студент демалыс кезінде Ухан қаласына барған. Бірақ карантин жарияланғандықтан қаладан кері шыға алмай қалған. Бұл туралы студенттің анасы Рабиға Сисенгалиева айтты. 

Әнел Сисенгалиева қалада медициналық маска жетіспейтінін және қаладағы дүкендердің барлығы дерлік жабылып қалғанын айтты. Қала тұрғындарына көшеге шығуға және кешкі 5 пен 9 аралығында терезе ашуға тыйым салынған. Сондай-ақ қаладан өз еркімен шығуға тырысқандар жазаланатын болады.  "Бұл жер қорқынышты" деген ӘселСисенгалиева қаладан тезірек кеткісі келеді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар