Қытайда тарала бастаған вирус тағы үш елге жетті

/image/2020/01/27/crop-10_69_277x493_crop-97_0_381x509_52146208_303.jpg

Қытайда таралып жатқан коронавиус Таиланд, Шри- Ланка және Германияға жетті. Бұл туралы халықаралық БАҚ-тар хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша, соңғы екі күнде Таиландта, Шри-Ланкада және Германияда инфекцияның жаңа жағдайлары анықталды, сонымен қатар Чехияда да инфекцияға күдік бар. Осы елдердің барлығында дәрігерлер Қытайдан келген адамдармен жұмыс істеп жатыр. 


РИА Новостидің жазуынша, Таиланд астанасы Бангкокта қытайлық коронавирусты жұқтырудың 8 жағдайы тіркелді, ауруды жұқтырғандардан 5 адам сауығып, медициналық мекемелерден шығарылды. Олардан басқа тағы 84 адам тексерілуде. 

Таиланд билігі алаңдаушылық тудыратын себеп жоқ деп сендірді: жаңа келгендердің барлығында аурудың белгілерін арнайы құрылғылардың көмегімен анықтайтын дәрігерлер мен тәртіп сақшылары енді елорданың әуежайында орналастырылады.

Ал Шри-Ланкада Қытайдан келген қауіпті коронавирус белгілері бар науқас бірінші рет табылды. Инфекцияның қоздырғышы инфекцияның «ошағы» - Ухань қаласынан келген 43 жастағы Қытай азаматы болды. Әйел ауруханаға 25 қаңтарда түсті, ал кеше вирусты анықтауға арналған тест оң нәтиже көрсетті. Қазір онымен жұқпалы аурудың дәрігерлері жұмыс істеуде.


Германияда да соңы өлімге әкелетін вирустың белгілері табылды. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, оқшауланған. Қазір оның жағдайы «жақсы» деп бағаланып, өзі мамандардың бақылауында.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Германия билігі науқастың қарым-қатынас ортасын құруға тырысуда, өйткені вирус оларға да берілуі мүмкін.

Қытайдан Чехияға келген төрт адамның да вирустық пневмонияның жаңа түрі бар деген күдік бар. Қазір олардың барлығы медициналық бақылауда: олар тексерілді, тест нәтижелері жақын арада белгілі болады.

Чехия билігі халықты дүрбелең болмауға, сонымен бірге коронавирустың таралу қарқынына мән бермеуге шақырады. Мемлекеттік органдар жағдайды бақылауды күшейтіп, азаматтарды не болып жатқандығы туралы хабардар етіп отырады.

Кейінірек осы вирусты жұқтырудың бірнеше әдісі анықталды, онымен инфекцияның себебі анықталды: аурудың жабайы жануарлармен байланысты екендігі расталды.


Соңғы мәліметке сәйкес, 4774 адам вирус жұқтырып тіркелген. Ал көз жұмғандар саны - 106 адам. 

Дайындаған: Аяулым Шопан

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар