Қазақстанда 200 теңгелік монета айналымға шықты

/image/2020/01/28/crop-371_18_324x432_5a707141d6fdeb9d6854482f86e31e70-small.jpg

Қазақстанның ұлттық банкі номиналдық құны 200 теңгелік  монеталарды айналымға шығарылғанын хабарлады.

Монеталардың дизайны Қазақстан 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес жасалды.

Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалған. Қыры тегіс және бедерлі секторлармен кезектесіп отыратын 16 ойықпен бедерленген. Монеталардың сырт жағындағы орталық бөлігінде Қазақстаның мемлекеттік Елтаңбасы, ал айналдыра эмитент елді білдіретін "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" деген жазба бейнеленген. Сондай-ақ, монетаның төменгі жағында жасалған жылын білдіретін "2020" деген жазу бар.

 

Фото -

 

Монеталардың бет жағында орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған "200"деген жазу бар.

Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері бар. Монетаның төменгі бөлігінде – ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін "TEŃGE" деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін «QUB» аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип).

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар