Өткен жылы Қазақстанда 1002 лауазым иесі сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде агенттік төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.
Шпекбаевтың айтуынша, былтыр шенеуніктерге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 2 мыңнан аса ұсыныстар енгізілді, 800-ден аса ұйымдастыру шаралары қабылданды, 63 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер енгізілді. Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша 3 мыңға жуық ұсынымдар енгізіліп, нәтижесінде 1175 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Қылмыстық-құқықтық шаралар нәтижесіне тоқталсақ, 1717 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, оның жартысынан астамы парақорлық фактілеріне тиесілі. 1002 лауазым иесі сотталды. Адамдардың кең шоғырының қатысуымен болған жүйелік жемқорлық ең қауіпті болып тұр. Есепті жылда осындай 112 факті анықталды. Келтірілген шығын сомасы 24,6 млрд теңгені құрап, 22,7 млрд теңгесі өтелді, - деді Шпекбаев.
Ол квазимемлекеттік секторда 324 жемқорлық қылмысы анықталғанын, 160 лауазымды тұлға сотталғанын жеткізді.
Пікір қалдыру