Қытайдан келген қазақстандықтар коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатыр

/image/2020/02/03/crop-120_73_3670x4893_20200201_zaf_r103_001.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 46 адам ауруханада жатқандығын мәлімдеді. 

"Мұнда мәселе 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген адамдар туралы. Қазіргі таңда, оқшауланған бокстарда 89 адам жатыр, олардың қызуы бар және ЖРВИ-ға шағымданған, стационарларда 46 адам қалып отыр, 43 адам шығарылды. Біз барлығынан сынама алып, Алматыдағы орталыққа жібереміз", - деп хабарлады Бекшин.

Комитет төрағасының айтуынша, қаңтардың 30 күні коронавирус жұқтырды деген күдікпен  38 адам ауруханаға жатқызылған. Ал, 31 қаңтарда бұл көрсеткіш 41-ге жеткен. 

Індеттің тез таралуына байланысты Қазақстан шекарадағы және әуежайдағы бақылауды күшейткен. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар