Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Құрметті достар!
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында бейбіт жиналыстар туралы жаңа Заң әзірлеуді тапсырды.
Бүгін біздің Министрлік "Ашық Үкімет" сайтында осы нормативтік-құқықтық акт тұжырымдамасының жобасын орналастырды.
Келіп түскен ұсыныстар мен жетекші халықаралық тәжірибелер негізінде бірқатар жаңа енгізілімдер ұсынылады.
Енді 10 жұмыс күні ішінде әр азамат өз ескертпесі мен түсініктемесін қалдыра алады. Олар алдағы уақытта қарастырылады.
Журналистерді, үкіметтік емес сектордың өкілдерін, азаматтық белсенділерді осы жұмысқа қатысуларыңызды сұраймын" делінген министр жазбасында.
Пікір қалдыру