Жамбыл облысының полиция департаменті "Қордайдағы төбелеске" қатысты пікір білдірді

/image/2020/02/07/crop-18_5_430x764_photo_307699.jpeg

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын хабарлады. 

"Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Полиция күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда.Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды. Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеміз." делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде полиция өкілдері мен азаматтар арасында қақтығыс болып жатқаны байқалды.  

Масаншы - Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан ауыл. Ресми ақпарат бойынша, ол ауылда 13 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындардың 90 пайызы дүнген ұлтының өкілдері. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар