Қордайдағы Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында үйлер мен көліктер өртеніп жатыр (фото, видео)

/image/2020/02/08/crop-3_106_753x1004_mycollages-1.jpg

Жамбыл облысы Қордай ауданына аттанған Қамшы тілшісінің хабарлауынша, тұрғындар арасында жаппай төбелес болды делінген Масачи ауылының маңындағы Ауқатты және Бұлар батыр ауылында үйлер мен көліктер өртеніп жатыр. 

Масанчи ауылына ең жақын орналасқан ауылдардың бірі - 15 шақырым жердегі Сарытөбе ауылдық округіне қарасты Бұлар батыр ауылы мен Ауқатты ауылдық округінде кемі 20 шақты үй отқа оранған. 30-ға жуық көлік өртеніп жатыр. Оны сөндіріп жатқан ешкім жоқ. 

Ауыл ішінде жүздеген наразы жастар жүр. Ашуға булыққан олар Масачи ауылына қарай бет алған. Алайда жүздеген арнайы жасақ пен полиция өкілдері Бұлар батыр ауылының орталық көшесіне бөгет қойып, оларды жібермей жатыр. Полиция өкілдері Қамшы тілішісінің "Көліктер мен үйлерді кім өртеді" деген сұрағына жауап бермеді. 

 

а

а

а

а

а

Қамшы тілшісімен сөйлескен Бұлар батыр ауының тұрғыны (өзін Иса деп таныстырған жасы 60-тан асқан этникалық дүнген ауылда 4 мыңдай адам тұратынын айтқан. Бұл ауылда тұратындардың басым бөлігі дүнгендер. Қазір ауыл тұрғындарының көбі үйлерін тасап қашып кетті" деді Бұлар батыр ауылының тұрғыны.

Тұрғындар арасындағы жаппай төбелестің неден болғаны әлі белгісіз.

Қамшы тілшісі алдағы уақытта Масанчи ауылына кіруге тырысады.

Бұған дейін арнайы жасақ пен полиция Қарасу ауылындағы блок постан адамдарды Масачиға қарай жіберей тұрғаны  хабарланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар