Айсұлтан Рахаттың facebook-тегі жазбаларын Абләзов жазған ба?

/image/2020/02/15/crop-49_4_172x229_512afbe1-03e7-40db-b847-0caba7dc2457.jpeg

Facebook желісінде Айсұлтан Рахат жариялаған жазбалардың артында шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Абләзов тұрған болуы мүмкін.

Оппозиционер facebook-тегі парақшасында "Мен, Айсұлтан Назарбаев. Парақшамда жарияланған жазбаларды өзім жаздым. Бұл өз қалауым, оған ешкім ықпал етпеді. Бұл менің аккаундым, менің ойым, менің талаптарым" делінген пост жариялап, көп ұзамай оны өшірген.

Оның бұл жазбасын блогер Денис Кривошеев скриншот жасап үлгерген.

Блогер өзінің парақшасына аталған суретті жариялай отырып, "енді барлықтарыңызға түсінікті болған шығар. Мұхтар аккаундтарды шатастырып алды ма? Ақпаратты ол дереу өшірді. Бірақ скриншот деген ұлы нәрсе ғой" деген жазба қалдырған.

Мұхтар Әбләзов соңғы жазбасында халыққа Айсұлтан Рахаттан facebook парақша өзіне тиесілі екенін дәлелдеу үшін жазбалардың барлығын өзінің жазғанын мәлімдеуді айтып, "Мен, Айсұлтан Назарбаев. Парақшамда жарияланған жазбаларды өзім жаздым. Бұл өз қалауым, оған ешкім ықпал етпеді. Бұл менің аккаундым, менің ойым, менің талаптарым" деп жазуын сұраған.

Аталмыш мәтін жазылған жазбаның Әбләзов парақшасында жарияланып, ұзамай өшірілуі Айсұлтан Рахаттың парақшасын Әбләзов пайдаланып отырған болуы мүмкін деген ойды тудырды.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Айсұлтан Рахат даулы жазбаларды әлдекімдердің ықпалымен жариялаған деп мәлімдеген.

 

 

 
 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар