Түркістан бұрын соңды бұлай дамымаған. Тіпті Әмір Темірдің Яссауи кесенесін соққан заманында да, Абылай ханның Түркістанды хандық астанасы еткен кезде де дәл қазіргідей болмаған. Бұл пікірді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ел алдындағы есебін беріп жатқан сәтте ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы білдірген. Бұл туралы RGMEDIA.KZ хабарлады.
Ақсақалдар алқасының төрағасының айтуынша, Түркістан – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің есімімен тығыз байланысты. Олар тіпті егіз ұғым іспеттес. Бір-бірінен ажыратып алу мүмкін емес тәрізді.
– Түркістан Елбасымыздың арқасында дамып, біршама жетістіктерге жетті. Хан Абылай мен Әмір Темірдің кезінде де қазақ хандығының астанасы болған "Түркістан" дәл қазіргідей дамып, өркендеген емес. Уақыт өткен сайын, замана ағымына ілесіп, өсіп келе жатыр. Ендігі 1000 жылдан кейін де 3020 жылы Яссауи кесенесін Әмір Темір тұрғызды деп ұрпақ есіне алса, Түркістанды облыс етіп, жаңғыртқан Нұрсұлтан деп айтып жүретін болады. Осы істердің басы-қасында жүрген Өмірзақ Естайұлына да алғысымды білдіремін, – деген ақсақал облыстың дамуы туралы.
Пікір қалдыру