Оңтүстік Кореяда тағы бір Қазақстан азаматы сотталды

/image/2020/02/20/crop-166_3_710x947_pikha.png

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы иммиграциялық заңдарды бұзды деп айыпталды. Бұл туралы кореялық БАҚ өкілдері хабарлады.

Шамамен 20 шетел азаматына босқын мәртебесін алуға көмектескені үшін Қазақстан азаматы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз қызметі үшін бір адамнан 1 миллион воннан (834 АҚШ доллары) алған.

Онымен бірге бұл іске Оңтүстік Кореяның екі азаматының да қатысы бар, оларға да тиісінше айып тағылды. Сот шешімі бойынша олар 3-5 миллион вон көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. 

Бұл Оңтүстік Кореяда сотталған алғашқы қазақстандық емес. 2020 жылдың басында Чанвон округінің судьясы 21 жастағы Қазақстан азаматын адам қағып, көлікті лицензиясыз жүргізгені үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған болатын. Прокуратура оған 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ судья сотталушының өкінгенін, сондай-ақ, Кореяға өз еркімен келгенін  ескерді. 

Оқиға 20 қыркүйекте болған. Қазақстан азаматы 7 жасар баланы қаққаннан кейін, келесі күні Қазақстанға ұшып кеткен. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар