Кездесуде Ақтөбегі жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Аманкелді Есіркепов ауыл шаруашылығы саласы мамандарын әзірлеуде құзырлы органдардың тәжірибеден өту мәселесіндегі кінәраттарды атады:
«Бізге тәжірибе жағы жетіспейді. Біздің колледждің базасында төрт түлік малдың бәрі бар. Ол үшін біз мемлекет бюджетінен ештеңе алмаймыз. Студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыру жағын қолдау керек. Сондай-ақ, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауға қатысты кітап соңғы рет 2010 жылы шыққан. Білікті мамандар даярлау үшін соңғы шыққан салалық кітаптар қажет. Екінші мәселе, ол педагогтарды қолдау мәселесі тұр», - деді Аманкелді Есіркепов.
Осы ретте, Сенат спикері орынды мәселе көтеріліп отырғанын айта келіп:
«Колледжден кейін жұмысқа алатын мамандардың дайындық деңгейі төмен, тәжірибелік дағдылары жоқ. Бюджеттен қаржы бөлінеді, есептерде бәрі дұрыс. Ал іс жүзінде мамандар тапшы», - деді ол.
"Қаржы" демекші, кездесу барысында колледж басшылары қаражаттың тапшы болу себебін де жеткізді. Олардың айтуынша, оқу орындары жиі мал сатып алуға мәжбүр. Себебі, оны студенттердің мал шаруашылығында нақты тәжірибе жинақтауы үшін пайдаланады.
Тіпті, сондағы директорлардың бірі :«Ол үшін мен 12 сиыр ұстаймын», - деп ашығын да айтты.
Пікір қалдыру