"Қытайдан келген қазақстандықтарда ауру белгілері жоқ"

/image/2020/02/20/crop-186_6_392x523_p080zhnt.jpg

ШҚО облысындағы Зайсан және Үржар ауданына Қытайдан қазақстандықтар келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан хабарлады. 

"ҚХР шекарасына жақын жатқан Зайсан және Үржар аудандарында ҚХР-дан келген Қазақстан азаматтарын бақылау үшін жалпы саны 295 төсектік жеке тұрған ғимараттардағы карантинді стационарлар дайындалды. Бұл келген барлық адамдар, біріншіден біздің жерлестеріміз, екіншіден, ауру белгілері жоқ дені сау адамдар.
Шығыс Қазақстан аумағына ҚХР шекарасы арқылы келген әрбір адамды шекарада медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Егер адамда шағым болмаса, дене қызуы қалыпты жағдайда, жөтел мен тұмау болмаса, онда олар Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес обсервациялық төсекке бақылауға, емделусіз орналастырылады. Егер де келген азаматтарды тексеру кезінде вирусты инфекция ауруының белгілері анықталса, оларды бірден инфекциялық ауруханаға жатқызады. Сондай-ақ егер осы обсервациялық ғимараттарда карантиндегі адамдарда ауру белгілері анықталса, біз оларды оқшаулап, кейіннен емдеу үшін жұқпалы аурулар бөлімшесі мен бокстарға ауыстырамыз", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 

Семей және Өскемен қалаларында фтизиопульмонологиялық ауруханаларда 110 орындық төсек-орын дайындалған. Керекті жағдайда Шемонаиха ауданындағы Уба санаторийінде 250 орын, Алтай ауданындағы Грехово санаторийінде 80 орын және Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы диспансерде 100 төсектік бақылау ауруханалары орналастырылады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар