Ағаділ өлімі: АҚШ мемлекеттік департаменті Тоқаевты берген уәдесін толық жүзеге асыруға шақырды

/image/2020/02/27/crop-0_0_608x1081_645dec5f-9ed5-4fc8-b4ce-ac511af0d80f_w1080_h608_s.jpg

АҚШ мемлекеттік департаменті 25 ақпанда Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсенді Ағаділдің өлімі мұқият зерттелуін талап етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс Twitter-де жазған. .
 
"Біз (Ағаділдің өлімін меңзейді - ред.) толық әрі мұқият зерттеледі деп ойлаймыз және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бостандықты кеңейту бойынша берген уәдесін толық жүзеге асыруға шақырамыз" деді  АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.
 
Осы ретте, Элис Уэллс марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты. 
 
Дерек көзі: www.azattyq.org 
 

 Оқи отырыңыз: Прокуратура: "Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ"

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар