Айтыскер ақын Ринат Зайытов тергеу изоляторында қайтыс болған елордалық белсенді Дулат Ағаділге арнап өлең шығарды. Ол Дулат Ағаділді саяси ойынның құрбаны деп есептейді.
"Еліме кішкентай болса да пайдам тисе екен деп жүрген, еш жазықсыз, алты баланың әкесі Дулат Ақәділ де жауыздардың саяси ойынының құрбаны болды. Өкінішті....
Халықты оңай алдай алатындар,
Аруаққа қара дақ жағатындар,
Соқыр, мылқау , саңырау, жүрексіздер,
Түк білмей, түк естімей қалатындар
Жек көремін сендерді!
Жазықсызға жүз жала жабатындар,
Өз ұлтына ұялмай шабатындар,
Төресінің көңілін табу үшін
Өз туысын өлтіре алатындар,
Жек көремін сендерді!
Ал қамаңдар, сабаңдар, ал атыңдар
Жұртты жазықты қыла салатындар
Қай дүниеде екенін Құдай білер
Бәріңнің жауап берер сағатың бар!
Жек көремін сендерді!!!"-деп жазды Ринат Зайытов.
Пікір қалдыру