Қазақстандағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің twitter аккаунтында Қазақстанның коронавируспен күреске бағытталған шаралары саясиланып кетті дегенге саятын жазба жарияланды.
Жазбада қазақ-қытай шекарасын жабу, қытайлықтарды елден шығару туралы ел ішіндегі әңгімелердің орынсыз әрі кәсібилікке жатпайтыны айтылған.
"Біз вирусты таратпау туралы шаралардың абсолютті сипат алуына, тіпті саясилануына о бастан қарсымыз. Шекараны жабу жайлы және Қытай азаматтарын үйлеріне қайтару хақындағы әңгімелер кәсібилікке жатпайды, тіпті орынсыз әрі негізсіз. Оны әлдекімдер өршіте түссе, тіптен қауіпті" делінген елшілік аккаунтындағы жазбада.
Изначально мы против абсолютизации, а уж тем более политизации мер по нераспространению вируса. Разговоры по закрытию границы, возвращению китайцев домой звучат не то, что непрофессионально, но и нетрезво и необоснованно. А уж совсем опасно, если это кем-то подогревается.
— Посольство КНР в Казахстане (@ChinaEmbKazakh) February 28, 2020
Пікір қалдыру