Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сағынтаев Назарбаевқа өндірісті, құрылысты дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы айтып берді.
– Өткен жыл жақсы көрсеткіштермен аяқталды. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Бұл қалада көптеген мәселе бар екенін білемін. Бірақ мұндай мәселелер бұрыннан бар. Қалада экология, көлік, шағын және орта бизнесті дамыту, көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бар. Бұл мәселелер бізге бұрыннан белгілі. Енді аталмыш мәселелерді жүйелі түрде шешу маңызды, – деді Н.Назарбаев.
Пікір қалдыру