Коронавирус Қазақстан туризміне салқынын тигізуде

/image/2020/03/06/crop-103_2_512x768_1fdf0405ea8e38ed8b929d103eff9348.jpg
 

 

 

 

Қазақстан туризм қауымдастығының директоры Рашид Шайкенов коронавирустың таралуы туризм саласына кесірін тигізіп отырғанын мәлім етті, деп жазады 365info.kz.

– Біз кезіккен ең алғашқы қиындық –  әуе рейстердің тоқтатылуы. Қытаймен байланыс жабылған. 1 наурыздан бастап Оңтүстік Корея және Иранмен әуе қатынасы қысқарды. Иранға қазақстандықтар көп бармайтындықтан, ол жақтың жабылуы біз үшін қиындық тудырмайды. Бірақ осы уақытта отандастарымыз Оңтүстік Кореяға медициналық және ем-сауықтыру мақсатымен жиі баратын. Сондықтан бұл елге рейстердің азайтылуының әсері сезілуде. Сондай-ақ азаматтар топтасып баратын жердің бірі – Хайнань еді. Мұнда да кедергілерге тап болдық. Вирус эпидемиясы Таиланд пен Египет сияқты өзге де маусымдық бағыттарға әсер етуде. Бір жағынан, бізге Қытайда вирусқа шалдығушылар саны кемігені жөнінде ақпарат түсуде. Бірақ баруға шектеу қойылған орындарға жаңа елдер қосылып жатыр. Бұл сыртқа шығушыларға әсер етпей қоймайды, – дейді ол.

Рашид Шайкеновтың сөзінше жағдай ішкі туризмге де әсер еткен.

– Мерекелік демалыстарда қазақстандықтар әдетте ел ішінде сапарға шығатын. Биыл қалай болатыны белгісіз. Жағдайды бағамдау қиын болып тұр. Биліктегілердің "Қазақстанда коронавирус жоқ" дегеніне қарамастан, азаматтар денсаулығына алаңдаулы, адам көп баратын шараларға қатысуды сиреткен, – деді қауымдастық директоры.

Коронавирус қаупінің кесірінен шетелдік туристер Қазақстанға жоспарланған турларынан көптеп бас тартып жатқанға ұқсайды.

Сарапшы санитарлық қауіпсіздікке жауапты мемлекеттік органдардың саясаты түсініксіз екенін айтты. "Анда баруға болмайды, мында баруға болмайды" дегендей ақпараттар жиі шығады. Сондай ақпараттардың қатарында "Шарынға баруға болмайды" деген дерек кездескен. Бірақ артынан бұл жалған екені анықталды.

"Осындай факторлар кешені туризмге теріс әсер етіп жатыр" дейді маман.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар