Ирандық азамат коронавирустан қорғану үшін "Milad Tower" мұнарасына маска кигізді (видео)

/image/2020/03/06/crop-44_0_491x655_c0dac4aa-7b32-421e-a26b-53e184d3d7bb.jpg

Компьютерлік арнайы эффекттер және визуализация бойынша ирандық танымал маман Хамид Ебрахимния коронавирусқа байланысты Иранның ең биік "Milad Tower" мұнарасына үлкен маска кигізді. Ол мұны өзінің Іnstagram парақшасында жариялады. 

Хамид Эбрахимня 2 тікұшақпен аурудан қорғанатын масканы ғимаратқа кигізген. 

– Біз коронавирусты жеңеміз. Менің символдық жұмысым туған жерімдегі коронавируста ұжымдық күресті бейнелейді. Өзіңізді қорғау үшін ДДСҰ ұсыныстарын қараңыз, – деді дизайнер өз жазбасында.

Көпшілігі туындының шыншылдығына таңданады және автордың бұл мәселеге ерекше назар аударғанына алғыс айтты. Ол коронавируспен тіркелген басқа елдердің тұрғындарына маска киюді ескертті. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иранда 2336 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, оның 77-сі аурудан қайтыс болған.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар