Теңге бағамының өзгеруіне қатысты "Хабар 24" телеарнасына пікір білдірген экономист Сергей Домнин волюта бағамына қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне бару керек емес дейді.
Домнин мұнай құны, рубль бағамы төмендегенін, сондай-ақ теңге бағамында өзгеріс орын алғанын атап өтті.
"Көп жағдайда күйгелектік салдарынан болған ауытқулар орын алуда, яғни біреулер үшін бұл спекулятивтік болып отыр. Олар осындай жағдайды туындатуда. Менің ойымша, жағдай түзелуі тиіс" деді ол.
Сонымен қатар ол халыққа бірнеше қарапайым кеңесін берді.
"Біріншіден, бағамға қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне бару керек емес. Өйткені валюта айырбастау орындарына бірінші болып барғандар, ваютаны айырбастайтындар үшін қосымша табыс жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, адамдар өз шығындарын жоспарлаумен айналысуы керек, яғни қадамдарды ұзақ мерзімге белгілеу қажет" деді экономист.
9 наурызда, әлемде мұнай бағасы күрт түскен тұста, Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллардың құны 397 теңгеден сатыла бастады. Түстен кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кейбір ақша айырбастау орындары доллар сатуды тоқтатты.
Пікір қалдыру