Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына 37 жолдама алды

/image/2020/03/10/crop-9_2_709x1261_2019072414530990133_tokio4.jpg
 
Амман қаласында өткен бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық 8 боксшы лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі болғандай, Қазақстан боксшыларынан ерлер құрамасы – 7, әйелдер құрамасы 1 жолдамаға ие болған. Ал аталған іріктеу турнирінде ел атынан жалпы 13 боксшы сынға түскен.

Олар: ерлерден 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 57 келі салмақта Серік Теміржанов, 63 келі салмақ дәрежесінде Зәкір Сафиуллин қатарлы былғары қолғап иелері сынға түссе, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов ел намысын қорғады.

Ал 75 келі салмақ санатында Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит және аса ауыр салмақта (+91 келі) Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңда ел намысын қорғады.

Соның ішінде бір ғана боксшы Сәкен Бибосыновтан басқасының барлығы Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Бұл нәтиже қыздар арасындағы бокста қайталанбады. Мәселен, 51 келіде Ангелина Лукас, 57 келіде Дәметкен Келімбет, 60 келі салмақта Римма Волосенко, 69 келіде Валентина Хальзова және 75 келі салмақта Надежда Рябец ел бақ сынағанмен, тек қана Надежда Рябец Токио Олимпиадасына жолдаманы еншіледі.

Нәтижесінде, ел спортшылары олимпиадалық жалпы жолдама санын 37-ге жеткізіп отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Қытайда тұратын Тоқтарбек Токио Олимпиадасына жолдама алды

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар