Қауіп: Иранда бір тәулікте 595 адам коронавирус жұқтырды

/image/2020/03/10/crop-1_6_495x659_2020-02-25t143040z_1706519575_rc2q7f9uz1jb_rtrmadp_3_china-health-iran_1.jpg

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 7161 адамға жетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ИРНА агенттігі дерегіне сүйеніп.

Агенттік мәліметінше, елдегі өткір дерттің жедел таралуы туралы Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур ресми хабарлаған.

«Соңғы бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 595 адамға жетіп, Иранда ауырғандар саны 7161 жетті. Ал көз жұмғандар саны 237-ге жетті», – деді министрлік өкілі.

Киануш Джаханпурдың айтуынша, бүгінде Иранда жұқпалы ауырудан жазылып шыққандар саны артып келеді.  Мәселен, елде коронавирусты жұқтырғандардың саны 7161 адам болса, оның 2394-і дерттен жазылып шыққан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар