Алматыда 16 жастағы жасөспірім мектеп ауласында асылып қалды

/image/2020/03/10/crop-17_51_436x774_20170809092503.jpg

Алматыда итімен серуенге шыққан жасөсіпірім асылулы күйінде табылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады. 

Департаменттің хабарлауынша, жасөспірімнің асулы күйінде 6 наурыз күні таңертең "Орбита–3" ықшамауданындағы №45 мектептің жанындағы спорт алаңынан табылған. Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105–бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізеді. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қарау кезінде 2003 жылы туған З. денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ" делінген Алматы қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар