Екі адамнан коронавирус анықталған Алматыда дәл қазір төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
“Қазір қалада төтенше жағдай жариялауды жергілікті әкімдік шешеді. Әрине, біз олармен байланыстамыз. Бірақ дәл қазір төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ. Егер коронавирус жұқтырғандар саны өссе, төтенше жағдай жариялануы да мүмкін” деді Біртанов.
Бүгін Германиядан келген екі Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Олар қазір Алматыдағы инфекцияға қарсы карантиндік стационарға жатыр. Министрліктің дерегінше, вирус жұқтырған екі қазақстандықтың бірі 1974 жылы, екіншісі 1984 жылы туған.
Пікір қалдыру