Біртанов коронавирусқа байланысты: "Қазақстандықтарға қатты уайымдамауға кеңес береміз"

/image/2020/03/13/crop-46_-3_516x688_200313144653468e.jpg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың қандай ем шараларын алатынын айтты. 

– Біз бастапқыда-ақ мұның жаңа коронавирус екенін айтқан болатынбыз. Коронавирусқа байланысты ақпараттарды дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан аламыз, сондай-ақ инфекция тіркелген елдердің денсаулық сақтау министрліктерінен аламыз, – деп мәлімдеді Біртанов.

Министрдің айтуынша, коронавирус жұқтырған елдерде науқастар карантинге жатқызылған. Вирус белгілері болмаса ауруханаға жатудың қажеті жоқ және арнайы ем қажет емес. 

Біртанов науқастарға қандай ем қолданылатынын айтты.

– Вирустың орта және ауыр деңгейлері болады. Ол көбіне созылмалы ауруларға байланысты. Біз қазақстандықтарға қатты уайымдамауға кеңес береміз... Вирустың ауыр деңгейі болса, вирусқа қарсы препараттар қолданамыз, олар бізде бар. Ал пневмонияға дейін асқынса, антибактериал препараттар қолданамыз. Жансақтау бөлімі де жеткілікті, – деді министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар