Yyedilov телеграм арнасының хабарлауынша, коронавирусқа шалдыққан азаматтың бірі Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев.
Ол вирусты Берлинде жұқтырған. Тілектес Бәрпібаев Германияға дипломат ұлын көруге барған. Денсаулық сақтау министрлігі әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.
– Бізге келген азаматтардың нендей қызмет істейтінін білмейміз. Қолда ақпарат жоқ болғандықтан, мұны растай алмаймын. Біз шынымен де Сыртқы істер министрлігінен Германияда болған ҚР азаматынан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы ақпарат алдық, – деді Денсаулық сақтау министрі.
Uzynqulaq телеграм арнасының жазуынша, Бәрпібаев бизнес санаттағы жеке ұшақпен ұшқан. Оның жанында болғандар, эпипаж мүшелеріне дейін карантинге жатқызылған.
Тілектес Бәрпібаев Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылының тумасы.
Жамбыл аудандық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының төрағасы, ОҚО сотының төрағасы, Алматы қалалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
Оқи отырыңыз:
♦ Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар
Пікір қалдыру