Ақтөбеге коронавирус таралған елден 6 адам келген

/image/2020/03/13/image40909947_64adf9ebac3f986b5ae8d129f0de3e2f.jpg

Ақтөбеде коронавирус қаупі жоғары елден келген 6 адам анықталды. Оның төртеуі – Қытай, екеуі – Италиядан келген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева бүгін баспасөз мәслихатында айтты. 

Беркімбаеваның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облысқа 6 адам келіп, дәрігерлер бәрін бақылауға алғанын атап өтті.

– Қытайдан келген төрт адам карантинде болып, вирус анықталмаған соң шығарылды. Ал Италиядан келген 2 адам қазір дәрігерлер бақылауында. Әжесі мен немересі шетелге демалуға барған екен, – деді Нұрсұлу Беркімбаева.

Тағы оқыңыз!

♦ Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар