Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бір ұшақта келгендер анықталуда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталған. Оның алғашқысы елге 9 наурызда келсе, екінші жолаушы 12-сі келген. Жалпы ұшақта 12 жолаушы болыпты. Бүгін олардың карантинге жатқызылғаны хабарланды.
– Олардың арасындағы бір Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал екінші науқас 8 наурызда келген. Ол ұшақта 73 жолаушы болған. Ол азаматтардың тізімі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі мақсатымыз - осы азаматтарды тауып, карантинге жатқызу. Әрі қарай диагностикалық ем шаралары қабылдау қажет, – деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Тағы оқыңыз!
♦ Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар
Пікір қалдыру