Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған науқастар тиісті шараларды істемесе қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты.
– Бәріміз бұны жұқпалы ауру екенін дұрыс түсінуіміз керек. Өкінішке қарай вирус елде тез таралада. Бірақ бұл адам өмірін өлімге әкелетін ауру емес, қарапайым инфекциялық ауру. Сол үшін үйде отырып, қорқу дұрыс емес. Алайда сіз жеке гигиеналық талаптарды сақтауыңыз қажет. Үй карантинін бұзған азаматтар 5 АЕК айыппұл төлейді, бұл 13 мың теңгеден асады, – деді Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, карантинді бұзушылар мен коронавирусты жасырған қазақстандықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қамауға алынады.
– Уәкілетті органдарға қарсы шыққан карантинді бұзушыларға қосымша әкімшілік шаралар қолданылады. Оларды тұтқынға алады. Егер де вируспен анықталған науқас табылып, басқа азаматтар ауырып қалса, заң алдында қылмыстық іс қозғалады, бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деді министр
Пікір қалдыру