Онлайн білім беру платформасы елдегі жағдайға байланысты өз үлестерін қосуға дайын

/image/2020/03/13/crop-4_131_1006x1269_whatsapp-image-2020-03-13-at-20.04.04.jpeg

Әлемді дүрліктірген коронавирус індеті Қазақстанға да жетті. Бұл туралы ресми ақпарат барлық БАҚ бетінде жарық көрді. Осы орайда онлай білім беру платформасы Daryn.online республикадағы мектеп оқушыларына сабақтарды тегін оқытуға дайын екендіктерін айтып, арнайы жазба қалдырған.

"Апат айтып келмейді. Алыстан емес жақыннан жалмап келе жатқан коронавирустың адамзат үшін үлкен апат екенін кеше ғана барлық БАҚ беттерінен оқыдық. Осыған орай, елімізде президент тапсырмасымен қатаң бақылау әзірленіп, бірнеше министрлік брифинг ұйымдастыруған болатын. Соның ішінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары мен ЖОО студенттерін онлайн оқу тәжірибесіне көшіру туралы пікір білдірді.

Біз Daryn.online білім беру платформасын ақылы жоба ретінде қостық. Қазірдің өзінде жоба республика аумағында серіктестермен бірігіп жұмыс істеп отыр. Аталған жоба аты айтып тұрғандай, Қазақстандағы барлық мектеп оқушыларына арналған онлайн білім беретін платформасы. Қазіргі таңда платформада 18916 оқушы тіркеліп, 4616 оқушы білім алуда.

Қазіргі жағдайды ескере отырып, біздің платформа республикадағы барлық мектеп оқушыларына көмектесуге дайын екенін хабарлағымыз келеді. Кәсіп көзі болса да, дәл қазір ақы табудан бұрын, еліміздің Білім және ғылым министрлігіне қолдау көрсете отырып, келешек ұрпақтың сапалы біліміне қол ұшын беруге дайынбыз!

Құрметті, Асхат Қанатұлы!

Сізге біз ресми хатты жіберген болатынбыз. Кеше ғана вице-министр Шолпан Таңатқызының қабылдауында болдық. Қазақстан азаматы ретінде біз жобамызды 1 ай көлемінде еліміздегі барлық оқушыларына тегін беруге және онлайн білім алуларына барлық жағынан жағдай жасауға дайын екенімізді айтқымыз келеді" делінген жазбада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар