Алматы қаласы әкімдігі "Magnum" және "Small" супермаркеттерімен азық-түлікті жеткізу мен бағаны ұстап тұру бойынша 3 жарым айға келісімге келді, – деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың сөзінше, әлеуметтік маңызы бар шаруашылық тауарлардың 19 түрі бойынша келісім жасалған.
Маусым айының соңына дейін баға мен тауар көлемі анықталған.
Сапарбек Тұяқбаев қоймаларда азық-түлік жеткілікті, соңғы бір-екі күндегі дүрбелең уақытша жағдай екенін айтты.
Пікір қалдыру