Қазақстанда тағы бір адамдан коронавирус табылды. Бұл туралы 13 наурыз кешкісін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріп хабарлады.
"Төртінші адамнан коронавирус табылды. Ол – 1976 жылы туған Алматы тұрғыны. Қазақстанға наурыздың 13-і күні Германиядан жолаушылар ұшағымен келген" деді Ахметшәріп.
Оның сөзінше, қазір вирус жұқтырған қазақстандық Алматыда арнайы ауруханада жатыр.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі адамнан, Италиядан келген бір адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеген еді. Бұған қоса, Германияда жүрген Қазақстанның бір азаматынан да вирус табылғаны хабарланған..
Пікір қалдыру