"АҚШ-та коронавирустан 1,7 миллион адам қаза табуы мүмкін"

/image/2020/03/14/crop-2_2_165x296_images-1.jpg

АҚШ-та коронавирустан 1,7 млн адам қаза табуы мүмкін. Бұл туралы New York Times басылымы хабарлады. 

Сондай-ақ ауруханаға жатқызылуы керек адамның саны 2,4 млн-нан 21 млн.-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі штаттарда бар болғаны 925 мың аурухана төсегі бар. 

Бұл мәліметтерді АҚШ-тың ауруларды бақылау және профилактика орталықтарының қызметкерлері және әртүрлі университеттердің эпидемиялық аурулар бойынша сарапшылары ақпан айында өткен конференциядан кейін ұсынды.  Олар вирустың түрін және жылдамдығын зерттеу арқылы коронавирустан қанша адам зардап шегетінін анықтаған. 

Бірнеше айдан бір жылға дейінгі кезеңде ауру жұқтырғандардың саны 160-тан 214 млн адамға дейін жетуі мүмкін.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та коронавирустың расталған жағдайларының саны 2033 құрады, 47 адам қайтыс болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар