Шетелдік басылымдар дерегінше, осыдан үш ай бұрын Қытайда тарай бастаған COVID-19 коронавирусын әлемнің әлемде 120-ға жуық елінде анықталып отыр. Ресми дерек бойынша, өткір дертті 134 мыңнан астам адам жұқтырған.
Бүгінде қатерлі індеттен көз жұмғандар саны 5 мыңға таяса, 69 мыңнан астам науқас аурудан айығып шыққан.
♦ «500 адамды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция іздестіріп жатыр»: Ресми өкіл түсінік берді
Қазір бұл дерттен зардап шегу көрсеткіші жоғары елдердің қатарында Қытайдан тыс Италия, Иран, Оңтүстік Корея, Франция, Испания, Германия, Нидерланд, Дания мен АҚШ сынды бір қыдыру ел бар.
Осыған байлансты Наурыздың 11-і күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын.
Ал Қазақстанда коронавирус бойынша 3974 адам бақылауда тұрғанын жазған болатынбыз.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төртке жеткені хабарланған
Оқи отырыңыз: "Жаппай сатып алудың қажеті жоқ": Алматы әкімдігі тұрғындарды даурықпауға шақырды
Пікір қалдыру