"Авиациялық снаряд болған": Қапшағайдағы жарылысқа орай Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

/image/2020/03/15/crop-2_29_448x796_191125193419922e.jpg

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі берген түсініктемеде айтылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осыған дейін жазғанымыздай қайғылы оқиға Қапшағай қаласында орналасқан металл қабылдау орындарының бірінде 14 наурыз күні болған. 

Әлеуметтік желі арқылы тез тараған видеоға байланысты желі қолданушылар түрлі пікір қалдырған. Соның бірінде қаза тапқан адамның қолында жарылған заттың әскери снаряд болу мүмкіндігі жоғары екені айтылған. 

 Осы оқиғаға байланысты министрлік ресми сайтында түсініктеме берді.

«Қабылдау пункті иесінің сөзіне қарағанда, 13 наурыз күні кешке белгісіз үш адам металл сынықтарын алып келген, оның ішінде басқарылмайтын авиациялық снаряд болған. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, барлық жағдайлар нақтылануда», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство күдіктілердің снарядты «Қазақстан» полигонынан алып келуі мүмкін екенін де болжаған.

«Ескертулер мен қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамастан металл жинаушылар полигонға заңсыз еніп, снаряд бөлшектерін, оқ-дәрі фрагменттерін жинайды. Әскери полиция органдары жүргізген түсіндіру жұмыстарына қарамастан оларды жинау пункттері заңсыз қабылдайды», - делінген министрлік хабарламасында.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар