Бұл туралы ҚР Президентінің төтенше жағдай жарияланатыны туралы жарлығында айтылды , деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұндай жарлықпен бекітілген қатаң тыйым түріне Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы себеп болып отыр.
«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген Президенттің Жарлығында.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойған болатын.
♦ толығырақ оқыңыз: Тоқаев Қазақстанда бір айлық төтенше жағдай жариялады
Пікір қалдыру