Коронавирус анықталған 14 елордалықтың жағдайы белгілі болды

/image/2020/03/17/crop-44_20_468x702_200317152345087e.jpg

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған 14 жаңа науқастың жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– 14 адамның барлығы бір рейспен келген жоқ. Бес адам – қаладағы инфекциялық блоктың стационарында жатқан. Қалған 9 адам – эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген жолаушыларды тексеру барысында табылды. Оның ішінде 4 адам – Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған Италия мен Оңтүстік Кореядан келген, – деді басқарма басшысы брифингте

Оның айтуынша, бір науқас жұқпалы аурулар ауруханасында орташа деңгейдегі Жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқан. Оны қосымша тексеру барысында коронавирустық инфекция табылды және ем тағайындалды.

– Барлығының жағдайы қанағаттанаралық, клиникалық белгілер жоқ. Барлығы Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді медициналық орталығының инфекциялық стационарына жатқызылды, – деді С. Қисықова.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар