Дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашылатыны рас па?

/image/2020/03/17/crop-99_6_485x831_33-3.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Whatsapp желісінде тараған "Бүгін сағат 23:00 мен 5:00 аралығында дезинфекция үшін тікұшақпен дәрі шашады. Үйдің терезелері мен балкондарын ашуға, сондай-ақ сағат 23:00 кейін көшеге шығуға тыйым салынады" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлады.

"Жалған ақпарат таратқандар ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз.

Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпараттарға емес, тек ресми деректерге сеніңіздер. Нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан, министрлік пен комитеттің Facebook парақшасынан оқи аласыздар" делінген ақпараттық хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар