Нұр-Сұлтан мен Алматы жабылуы мүмкін

/image/2022/03/16/crop-19_9_426x757_124217249000.jpg

Коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюіне байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы жабылуы мүмкін.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстан ұлттық арнасында тікелей эфирде «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.

– «В» жоспары бойынша бүгін енді жергілікті басқару органдары, әкімдіктер, әкімдер шешеді. Мүмкін, қаланы да жабатын шығар. Қазір көптеген алдын алу шаралары қолданып жатыр. Бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы күшіне енді. Бұл қаулыға сәйкес, біз бөлген үш санаттағы елдердің тізімі өзгерді.  Сонымен қатар, бұл қаулыға сәйкес барлық медициналық мекемелер де, ауруханалар да карантин енгізіліп отыр және де барлық медициналық мекемелерде ауруханалар, емханаларда фото және бейнеге түсіруге рұқсат жоқ. Қатаң тыйым салынып отыр, – деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, қазір коронавирус 27 адамнан анықталған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар