Коронавирус: Жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады (видео)

/image/2020/03/19/crop-81_276_245x327_8ba40cd1-aecb-48b1-a8ba-fa8a49750587.jpg

Коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан күдікті анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"WhatsApp мессенджері арқылы бейтаныс тұлғалар коронавирусты жұқтырған деген Келес ауданының тұрғыны туралы жалған ақпарат таратылып жатқаны бойынша хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полицейлер ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша СДТБТ-ға тіркелді" делінген ақпараттық хабарламады.

– Тексеру барысында белгілі болғандай, желіде таралған аудиохабарламадағы әйел 10.03.2020 ж Мәскеу-Шымкент рейсімен Германиядан ұшып келді. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы пәтеріне үй жағдайындағы карантинге жатқызған. Қазіргі уақытта әйел амбулаториялық ем қабылдауда. Оның денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, – деді облыстың полиция департаменті.

Жәбірленуші акушер-гинеколог полицияға жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту туралы өтінішін білдірген болатын. Осылайша 18.03.2020 ж. жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Келес АПБ-ның полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны анықтады. Азаматша Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда ол өз әрекетін толық мойындап, қылмыс жасағанына өкінетінін видео арқылы жеткізді.

Департаменттің айтуынша, қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдікті қолхатта.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар