Коронавирус: Тбилисиден 143 Қазақстан азаматы ұшып келді

/image/2020/03/21/crop-4_51_671x1193_news_full15834916655d5a1ccc0b9228201c808f7b534d95ad.jpg

Тбилисиден Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің 143 азаматына ұшу рейсі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыртқы істер минитстрлігі хабарлады.

«Жолаушыларды рейске тіркеу және отырғызу барысында азаматтарымыз сабырлық сақтағанын атап өтеміз. Кедендік және шекаралық бақылау рәсімі кедергісіз өтті. Жолаушылар рейстің кешігуіне түсіністікпен қарап, чартерлік рейстің ұйымдастырылуы үшін алғыс білдірді», - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сырт елдерде жүрген 5 мыңнан аса қазақстандықты елге әкелу мемлекет есебінен жүргізілмейтінін, олардың «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры есебінен елге оралуы мүмкін екенін атап өткен болатын. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар