BIRGEMIZ ұранымен 150-ден астам ұйымды біріктіретін волонтерлердің республикалық фронт-офисі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан 500 мың дана бірреттік маска алды. Олардың барлығы балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына жақын уақытта беріледі. Бұл туралы волонтерлердің бірыңғай платформасы instagram парақшасында хабарланды.
⠀
"Бүгінде «Ұлттық волонтерлiк желінің», «Мейірімділер клубының» және «Астана жастарының» волонтерлері «Нұрлы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және елордалық Балалар үйінде болды. Бүгіннің өзінде 14,5 мың маска тараттық. Қалған маскалар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға жақында таратылады.
⠀
Ұлт денсаулығы үшін бұрын-соңды болмаған бүгінгідей ауқымды жұмыстар жасалып жатқан тұста ортақ іске әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, қарапайым санитарлық ережелерді сақтау, өзін-өзі оқшаулау және маска кию осы індетке қарсы күресте аса маңызды рөл атқарады.
⠀
Осы орайда, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, волонтерлік қозғалыстың құрметті елшісі ретінде осындай игі акцияға қатысып, мұқтаж жандарға маска алып бергеніңіз үшін Сізге еліміздің барша волонтерлері атынан алғыс айтамыз!" делінген жазбада.
Пікір қалдыру