Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, бір-бірімен байланыстағы адамдар арасында коронавирустық инфекцияға тән клиникалық симптомдардың көрінуі мүмкін кезеңдегі инкубациялық уақыттың аяқталуына байланысты 5 ошақтан шектеулі шаралар алынып тасталды.
Бұрын індет ошағы деп танылған Медеу ауданы Зенков көшесіндегі 59 үй, Түрксіб ауданы Алтай-1 ықшамауданындағы 8 үй, Жас Қанат ықшамауданындағы ошақ, Майлин көшесіндегі 77 үй, Спасская көшесіндегі 63а үй бойынша шектеу шаралары алынды.
Десе де Алматы аумағындаәлі де коронавирус инфекциясы анықталған 22 ошақ бар.
Алатау ауданында бес ошақ тіркелген. Атап айтқанда, Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234 үй; Ақкент ықшамауданы, 7 үй; Ақбұлақ ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 үй.
Алмалы ауданында үш ошақ бар. Олар – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16 және Жароков көшесі, 7.
Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар – Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал ықшамауданы, 3 пен 5 үйлер.
Жетісу ауданында 4 ошақ тіркелді. Еңлікгүл көшесі, 34а; Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықшамауданы, 45 үйде.
Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелді. Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13 үй.
Бостандық ауданында 1 ошақ бар. Тұрғыт Озал көшесі, 242 үй.
Наурызбай ауданында 1 ошақ тіркелді. Ол Береке көшесі 1/97 мекен-жайында орналасқан.
Пікір қалдыру